00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ұлттық музейде Жанұзақ Мүсәпірдің жеке көрмесі ашылды

24.02.2023 | 19:49
Елорда ақпарат
141

Салтанатты жиынға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сөз алған Ақтоты Райымқұлова Жанұзақ Мүсәпірді көрменің ашылуымен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.

Сонымен қатар министр көрмеге қатысушыларды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, Ж.Мүсәпірге ел мәдениетіне, соның ішінде көркемсурет өнеріне қалтқысыз қызмет еткені үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

«Бүгін белгілі қылқалам шебері Жанұзақ Мүсәпір өзінің жеке көрмесін көпшілік көрермен назарына ұсынып отыр. Суретші есімі елімізге кеңінен танымал. Сегіз қырлы, бір сырлы өнер шебері ұзақ жылдар журналистика және телевизия саласында жемісті қызмет атқарды. Еліміздің бірнеше телеарнасында режиссер, редактор, продюсер, директор болып, осы саланың қалыптасуы мен дамуына лайықты үлес қосты. Бүгінде «Абай» телеарнасында «Құдіретті қылқалам» бағдарламасын жүргізеді. Сонша жұмыстың сыртында Жанұзақ Керімбекұлы шығармашылық жұмыспен тұрақты, жүйелі айналысып келеді. Жалпы, Жанұзақ Мүсәпір шығармашылығының қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік орны бар»,- деді Мәдениет және спорт министрі.

Айта кетейік, Жанұзақ Мүсәпір – көптеген топтық және жеке көрмелерге қатысқан. Оның еңбектері жеке коллекцияларда, сол сияқты Қытай, Польша, Германия, Ресей және т.б. елдердің музей қорларында сақтаулы.

Все новости