«Қазақфильм» «Өліара» тарихи фильмінің түсірілімін аяқтады
![](/img/articles/uploads/61b236e032966872626242_31c8d2636c.jpg)
Тарихи кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірді.
«Бүгін біз басты кейіпкердің Қазақстанға келген сәтін түсірдік. Бұл сахна фильмнің басында көрсетіледі. Сол үшін ескі паровоз бен вагондар «Қазақстан темір жолы» компаниясы арқасында осы жерге жеткізілді. Түсіру жұмыстарына күн сайын 50-ден астам адам (массовка) қатысты», - деді фильмнің продюсері Олжабай Мұсабеков.
Режиссер Тамаш Тот картина сценарийін өзгертуге тура келгені туралы айтып өтті.
«Басында фильмді қыс мезгілінде түсіреміз деп жоспарлаған болатынбыз. Уақыттың тығыздығынан сценарийді сәл өзгертіп, қазан айында түсірілімдерді бастап кетуге мәжбүр болдық. Негізгі түсірілмдер Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылының маңында өтті. Тәжірибелі және кәсіби командамыздың арқасында түсірілімдерді уақытылы аяқтадық», - деді режиссер Тамаш Тот.
Сонымен қатар режиссер басты рөлге Венгрияның театр және кино актері Петер Барнай (Péter Bárnai) шақырылғанын мәлім етті. Одан бөлек, фильмге Алдабек Шалбаев, Ержан Нұрымбет сынды басқа да отандық актерлер түскен.
«Фильмге түскен актерлеріміз өте мықты. Бұл жобаға талантты актерлер жиналды. Мысалы, Венгриядан жас актер Петер Барнайды арнайы шақырттық. Осы уақыт аралығында ол үлкен жұмыс атқарды. Бұл оған үлкен мектеп болды. Орыс және қазақ тілдерінде сөйлемесе де, диалогтарды жатқа айтып, түсірілімдер кезінде еш қиналмады. Қазақстандық актерлер оған үлкен көмек көрсетті», - деді режиссер.
Сондай-ақ «Өліара» фильмінің түсіру тобы осы картинаның түсірілімдеріне қатысқан Nomad Stunts каскадерлер тобына алғысын білдірді. Продюсердің айтуына қарағанда, барлығы 35 Тб материал түсірілген. Фильмнің монтаждау жұмыстары Будапешт қаласындағы белгілі FOCUSFOX компаниясында жүргізіледі. Кейін «Қазақфильм» киностудиясында туындының орыс тіліндегі нұсқасы дайындалады. «Өліара» тарихи туындының сценарий авторы – Нұрлан Санжар, қоюшы режиссер – Тамаш Тот, қоюшы оператор – Алексей Кирюхин, қоюшы суретші – Рустам Одинаев, грим бойынша суретші – Лидия Ордынская, продюсері – Олжабай Мұсабеков.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)