Бір ғасыр бұрын шыққан Абайдың кітабы жаңғыртылды
![](/img/articles/uploads/61a988b1b03d6639310679_e758c9fca3.jpg)
Жаңарған нұсқасы Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне табысталды. Осы орайда аталмыш кітапты Семей қаласынан арнайы алып келіп, жаңғыртпасын жасауға мұрындық болған мекеменің әкімшілік-қаржы бөлімінің бастығы Айнұр Жарахметова екен.
Ал көне туындының тарихына тоқталар болсақ, Абайдың қазасынан (1904 жыл) кейін туыстары мен балалары ақынның мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскен. Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылы жазғасалым ақынның өлеңдерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Тапқандарын Мүрсейіт Бікеұлының қолына беріп, әдемілеп көшіртеді. Ескіше құсникөркем жазудың хас шебері Мүрсейіт молда арнайы тігілген қоста отырып, бір айда көшіріп шыққан, дейді абайтанушы мамандар.
Жинақта Абай өлеңдері 17 бөлікке топтастырылып, әрбір бөлікке: «Халық туралы», «Өлең туралы», «Өзі туралы», «Ғашықтық туралы», «Ой туралы» т.б тақырып беріліпті. «Ақын шығармаларын бұлай жіктеу шартты түрде болса да тақырыбына қарай топтап бастыру сол замандағы оқырман қауымға Абайдың ақындығын таныту жолын жеңілдету мақсатынан туған болатын», деп тұжырым жасапты үлкен ғалым Қайым Мұхаметқанұлы.
Осылай бір ғасырдан астам уақыт қол тимеген кітапты елордалық жаңғыртушы мамандар бір айдың ішінде реставрациялап шығыпты.
«Бізге жеткенде кітаптың сыртқы мұқабасы тозып жоғалған, қағазы үлбіреп шашылуға шақ қалған, тігістері сөгілген өте нашар күйде болды. Жұмыс барысында реставрацияның барлық жаңа технологиялары қолданылды. Оны толық қылшылдық бейтараптау, таза былғары қолдану арқылы, мраморлық қағазбен қолдап, түбі классикалық әдіспен тігілді», - дейді реставратор маман Жансерік Бейсенқұлов.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)