00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Серік Сәпиев туралы фильм 1 желтоқсанда үлкен экранға шығады

24.02.2023 | 19:15
Елорда ақпарат
71

Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен Sataifilm компаниясы түсірген.

Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың бұл жаңа фильмі Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы боксшы Серік Сәпиевтің шынайы оқиғасына негізделген. Сюжеттің көп жерінде оқиғалар сұхбат форматында берілген, онда Серік өмірінің елеулі сәттерін еске алып, спорттағы жолы қалай басталғаны, жеңілістері, жеңістері, арманының орындалғаны туралы әңгімелейді.

«Боксшы» фильмінің сценарийін Ақан Сатаев Тимур Жақсылықов пен Альмира Тұрсынмен бірге жазған, Серік Сәпиевтің өзі  кеңесші болған. Түсіру тобының айтуынша, аталған туынды 1 желтоқсаннан бастап прокатқа шығатын болады.

Все новости