Қазақстанда халықаралық анимациялық фильмдер кинофестивалі өтеді
![](/img/articles/uploads/617a1c0dcd824678188383_5df8356203.jpg)
29-30 қазан күндері үшінші рет ұйымдастырылатын халықаралық шараға отандық және бауырлас түркі елдердің, атап айтқанда Түркия, Әзербайжан, Башқұртстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан мен Тәжікстанның білікті мультипликаторлары қатысады.
«Байқауға анимация саласында белгілі мамандардан құрылған халықаралық қазылар алқасы төрелік етеді. Жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша марапатталады. Одан бөлек, фестиваль аясында шетелдік озық мультипликаторлардың шеберлік сыныптары мен тренингтері жоспарланған. Қатысушылар әлемге танымал 4 маманның дәрісін тыңдап, кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, фестиваль қонақтары Қазақстанның үздік анимациялық киностудиялары көрмесін тамашалайды. Онда киностудиялар анимация жасаудың қыр-сыры мен ерекшеліктерін көрсетіп, жас мамандар үшін тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастырады», - деп хабарлады фестиваль ұйымдастырушылары.
Бағдарлама бойынша, фестивальдің екінші күні түркі елдеріндегі кино өнерінің даму бағыттарына, бүгіні мен ертеңіне арналған дөңгелек үстел өтеді. Шетелдік және отандық анимация саласының мамандары өзара байланыс орнатып қана қоймай, өзекті тақырыптарда пікір алмасып, түркітілдес елдердің анимация саласындағы ынтымақтастығына жаңа серпін бермек.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған фестивальдің биыл Түркі дүниесінің рухани астанасы – Түркістан қаласында өтуі де айрықша мәнге ие. Ұйымдастырушылар шаһар тұрғындары мен қонақтарына мерейтой қарсаңында айрықша сый жасамақ. Түркістандықтар екі күн қатарынан қаладағы ең үздік кинозалдардан еліміздің және түркі елдерінің ең үздік анимациялық фильмдерін тегін тамашалайды», - дейді ұйымдастырушылар.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)