12 жастағы қазақстандық «Славян базарында» Гран-при жүлдесін жеңіп алды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/64b048260e840_f62605ab5f.jpg)
Қазақстандық жас орындаушы Шерхан Арыстан Витебскідегі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өтіп жатқан «Витебск» XXI халықаралық балалар музыкалық байқауының Гран-приін жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Қазылар алқасы 12 жастағы Шерханға конкурстың екі күнінде де жоғары баға (70 балл) берді.
Осылайша, отандасымыз жалпы саны 140 балл жинап, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Екінші орынды жергілікті жас өнерпаз София Рустамова (136 ұпай) алса, үшінші орынды армениялық Анаит Галстян (133 ұпай) иеленді. Конкурсқа 8-14 жас аралығындағы барлығы 18 елдің жас орындаушылары қатысты.
Байқаудың алғашқы күнінде Шерхан Арыстан Андреа Бочелли, Дэвид Фостер және Эми Фостердің Ama, Credi e vai (Сүй, сен және қадам жаса) композициясын орындады. Халықаралық фестиваль әлі аяқталған жоқ. «Витебскідегі Славян базары» аясында эстрадалық ән орындаушылар байқауында тағы бір өнерпазымыз Құралай Мейрамбек еліміздің намысын қорғайды.
Ересектер байқауына әлемнің 30 елінен үміткерлер қатысады. Қазақстандық орындаушылар бұған дейін аталған байқаудың бірнеше мәрте жеңімпазы атанған. Димаш Құдайберген (2015 ж.) мен Рухия Байдүкенова (2021 ж.) Гран-при жеңіп алса, әр жылдары Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, Мархаба Сәби сынды отандық өнерпаздар жүлделі орындар алып, лауреат атанған болатын.
Айта кетейік, Алматы облысының тумасы Шерхан Арыстан осыған дейін де бірнеше халықаралық байқаудың лауреаты атанған.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)