00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жамбыл жайлы фильмнің түсірілімі басталды

24.02.2023 | 16:16
Елорда ақпарат
94

Фильм жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырылған. Түсірілім тобын режиссер Жандос Құсайынов басқарады. Оның шығармашылық қоржынында «Әли» және «Шабдалы» көркем фильмдері, сондай-ақ «Жақсы адам», «Көке» сериалдары бар. 

Туындының сюжеті ақынның кеңестік идеологияға қарсы шығуына негізделген. Кинода Жамбылдың өміріне әсер еткен айтулы оқиғалар қамтылады: атап айтсақ, онда ақындар слеті, ақын өлеңдерінің газет-журналдарда жариялануы, Иосиф Гильманның Мәскеуден келуі, Жабаевтың Ораз Жандосовпен, Бауыржан Момышұлымен және дәуірдің басқа да көрнекті қайраткерлерімен кездесуі көрсетіледі.   

Басты рөлді Қазақстанның Халық әртісі Досжан Жанботаев сомдайды. Одан бөлек, фильмге ҚР Халық әртісі Досхан Жолжақсынов, ҚР еңбек сіңірген әртістері Ерік Жолжақсынов пен Бекболат Тілеухан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеулов, актерлер Әсет Иманғали, Асан Мәжит, Қажымұқан Қалымбет және Ержан Нұрымбет қатысады.  

Фильм Алматы қаласы мен Алматы облысында түсіріледі.

Естеріңізге сала кетсек, бұл Жамбыл жайлы алғашқы көркем фильм емес. 1952 жылы режиссер Ефим Дзиган «Қазақфильм» студиясында басты рөлді Шәкен Кенжетайұлы Айманов сомдаған «Жамбыл» картинасын түсірген-ді.

Все новости