Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
![](/img/articles/uploads/616919a86782e200937437_3e25807b56.jpg)
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев конференцияға қатысып, сөз сөйледі.
Қырымбек Көшербаев Тұрсын Жұртбайдың жазушылық, шығармашылық жолына тоқталып, оның ғалым ретінде атқарған ауқымды жұмысын атап өтті. Мемлекеттік хатшы ғалымның екі томдық «Дулыға» тарихи-танымдық кітабының берер тағылымы мол екенін, ұлы Абай, данышпан Мұхтар туралы зерттеулеріндегі ойларының өміршеңдігін айтып, «Бейуақ», «Бесігіңді түзе!..», «Талқы», «Мухтар Омарханович Ауэзов», «Құнанбай», «Сүре сөз» еңбектерінің ғылыми құндылығы аса жоғары деп баға берді.
Ал 1922-1937 жылдар аралығындағы, 50-жылдардағы ұлт зиялыларын қудалау, қуғын-сүргінге ұшырату туралы, «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметі басшылары мен мүшелерінің үстінен жүргізілген тергеу істерінің негізінде «Ұраным – Алаш!..» атты үш томдық зерделі зерттеуінің шығуы рухани дүниемізге үлкен серпіліс әкелді.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Мемлекеттік хатшы тарихқа қатысты бірқатар ойын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Соның негізінде тарихи ілім-білімнің біржақты көзқарастарынан арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасауды, ежелгі және орта ғасырлар тарихына баса назар аударуды ұсынды. Бұдан бөлек Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихын қайта пайымдаудың, еліміздің осы заманғы тарихының толғақты мәселелерін зерттеуді күшейтудің, қазақ диаспораларының тарихын зерделеудің маңызды екеніне тоқталды.
Конференцияға ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және еліміздің белгілі ғалымдары қатысты.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)