00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Алтынсариннің 180 жылдығына орай халықаралық байқау жарияланды

24.02.2023 | 15:21
Елорда ақпарат
79

Шығармашылық байқау қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналады. Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне #Ustaz180 хэштегімен бейнежазба жүктеу арқылы (ауызша) және электрондық поштаға (serik_abduali@mail.ru) шығарма жолдау (жазбаша) әдісі бойынша өткізіледі.

Байқауға 10-18 жас аралығындағы шетелдегі және елдегі қандас оқушылар қатыса алады.

Байқау шарты: 1. Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінен үзінді оқу (кемі екі-үш шумақ) 2. Ыбырай Алтынсариннің дара тұлғасын айшықтап, ұлы ұстазды ұлықтайтын шығарма жазу (кемі бір бет - А4 форматта).

Байқау өтетін уақыт: 2021 жылғы 1 қазан – 1 қараша аралығы.

Байқау жүлдегерлері: Жүлделі 3 орынға «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына, Назарбаев зияткерлік мектебінің жазғы лагеріне және «Туған елге саяхат» туристік пойызына тегін жолдама беріледі.

Жүлделі орындары: I орын - біреу; II орын - біреу; III орын - біреу; Байқау қорытындысы Қазылар алқасының әділ іріктеуінен өткен соң қараша айының алғашқы күнінде жеңімпаздар анықталып, үздік үштікке енгендердің есімдері 2 қарашада жарияланады.

Все новости