00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын салған күдікті ұсталды

01.02.2024 | 13:30
45
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 2024 жылдың 27 қаңтарында  сағат 00.20 шамасында орын алған «Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру оқиғасы бойынша күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Тергеу барысында бой тасалаған оған іздеу жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.

Барлық жаңалықтар