00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жаз айларында 50-ден аса бала суға батып кеткен

06.09.2023 | 03:30
50
Фото: Ашық дереккөзден

Елімізде судағы қауіптің алдын-алу жұмыстары жүргізілуіне қарамастан биылғы жаз айларында 177 адам суға батып кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова айтты,

Барлық жерде жүргізілген жұмыстарға қарамастан биылғы жаз айларында 177 адам суға батып кетті.  Олардың ішінде 53 кәмелетке толмаған бала бар. Былтыр шомылу маусымында 184 адам суға батып кетті (-4%), соның ішінде 62 кәмелетке толмағандар (-15%).Суға батқандардың 98% жабдықталмаған жағажайларда суда шомылған. Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күштерін асыра бағалау, мас күйінде суға түсу, жүзе алмау.Ал балалардың суда өлуінің басты себебі – оларды ересектердің қараусыз қалдыруы, - деді ресми өкіл.

Суға шомылу маусымы басталмас бұрын және оны өту кезінде тұрғындармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Айта кетейік, республика бойынша суда жаппай демалуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып,  шомылуға тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.

Еліміз бойынша тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу аймақтары туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған.

Барлық жаңалықтар