00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Жантүршігерлік жол апатынан екі елордалық көз жұмды

18.08.2023 | 05:00
53
Фото: дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысының тасжолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Elorda.info.

17 тамыз сағат 21:45 шамасында Аралағаш ауылының маңындағы Астана – Петропавл автожолының 431-шақырымында Toyota Hiace көлігі мен жартылай тіркемесі бар MAN жүк көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік те жанып кетті, - делінген Polisia.kz telegram каналында.

Жол апатынан Астана қаласының тұрғындары, Toyota автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі мен 54 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

40cfc7d9-ef51-4fb2-9657-11452f498466.jpg

MAN жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

ЖКО фактісі ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша СДТБТ-да тіркелген.

Тиісті сараптамалар тағайындалды: барлық мән-жайды зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Барлық жаңалықтар