00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жамбылдық шенеуніктер мемлекет меншігіндегі көліктерді заңсыз сатып жіберген

05.01.2024 | 15:00
51
фото: дереккөзден

 Кәсіпорынның басшылығы мекемеге тиесілі нарықтық құны 22 млн теңгені болатын 4 автокөліктерді  жалған құжаттар рәсімдеу арқылы жарамсыз көлік құралдары ретінде заңсыз есептен шығарып, тиісті аукцион өткізбей, тікелей үшінші тұлғаларға сатқан, деп хабарлады Elorda.info 

Жамбыл облысы  Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының  теңгеріміндегі автокөліктерді заңсыз есептен шығару арқылы жымқыру дәйектерін анықтады.

 Аталған дерек бойынша Талас ауданының прокуратурасы қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен жүргізілді.

Қазіргі таңда мекеме басшыларының іс-әрекеттері ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (жымқыру) және ҚК 369-бабы 1-бөлігімен (қызметтік жалғандық) сараланды. Тергеп-тексеру барысында құны 17 млн теңгені құрайтын 3 автокөлік  мемлекетке қайтарылды, төртінші автокөлікті қайтаруға шаралар қабылдануда, деп жазды Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс сотқа жолданатын болады.   

Барлық жаңалықтар