00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жамбыл облысында дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

27.09.2023 | 11:30
49
Фото: Polisia.kz

Ұйымдасқан қылмыстық топ “Қазфосфат” ЖШС зауытынан ұзақ уақыт бойы дизель отынын ұрлаумен айналысқан, деп хабарлады  Elorda.info

Polisia.kz сайтының жазуынша, Жамбыл облысының полиция департаменті Жаңатас қаласында тұрақты түрде айналысып келген қылмыстық топтың әрекетiн анықтаған. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу iсi басталды. Ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Зауыт қызметкерлерінің қатысуымен күдіктілер ұзақ уақыт бойы ірі көлемде ұрланған дизель отынын әкетiп отырған. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту нәтижесінде 10 тоннаға жуық дизель отыны, сондай-ақ ЖЖМ тасымалдау және айдау үшін пайдаланылған автокөлiктер мен арнайы жабдықтар табылып, тәркіленді,-деп жазды дереккөз. 

Сонымен қатар тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі табылды. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды

Барлық жаңалықтар