00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жамбыл облысында бюджет қаржысын жымқырған 7 шенеунікке сот үкімі шықты

10.11.2023 | 05:30
49
Фото: дереккөз

Мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық әрекеттері жастар арасында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау заңдылығын тексеру нәтижесінде әшкереленді, деп хабарлады Elorda.info.

Бас покуратураның ресми сайтындағы дерекке сәйкес, Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің лауазымды адамдары қызметтік жағдайын пайдаланып, аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқырған. Қылмыстық ірекеттің жасалуына басқа да тұлғалар көмектескен.

Шенеуніктер бюджет қаржысын жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтер үшін аудару арқылы жымқырған. Қылмыстық әрекетті Меркі аудандық прокуратурасы анықтаған.    

29.02.2020 жылы №16 Спорт мектебі макеттер жасау және металл құрылғыларын дайындау үшін жалпы құны 2 млн теңгеден асатын соманы жеткізушіге төлеген, алайда соңғы аталған жұмыстарды мүлдем орындамай, бюджет қаражатын №16 Спорт мектебінің лауазымды тұлғаларының өтініштері бойынша қолма-қол ақшаға айландырған және өзінің қызметі үшін жалпы соммадан 10% алып отырған.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 16 млн теңгеден астам соманы құрады, - деп жазды дереккөз. 

Тергеп-тексеру нәтижесінде 7 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.

03.11.2023 жылы Меркі аудандық сотының үкімімен №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры мен бұрынғы директоры бас есепші мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға және 4 көмектесуші мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Қылмыстық іс бойынша 6,7 млн теңге келтірілген шығын өтелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалықтар