00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жамбыл облысында астан уланған оқушыларға байланысты тергеу жүріп жатыр – прокуратура

09.11.2023 | 03:30
41
фото: ашық дереккөз

7 қарашада Жамбыл облысы Байзақ ауданының орталық ауруханасының инфекциялық бөлімініе Сарыкемер ауылына қарасты Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 46 оқушысы мен 2 мұғалімі түсті. Олар тамақтан уланған болуы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.

Жамбыл облыстық прокуратурасының мәліметінше, қазіргі уақытта тексеру нәтижелері бойынша 35 адам ауруханаға жатқызылды (33 оқушы және 2 мұғалім).

Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тиісті тексеру тағайындады.

Аталған жайт Байзақ аудандық полиция бөлімі ҚК-тің 304-бабының 1-бөлігі бойынша (cанитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, іс аясында қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.

Қылмыстық істің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа мәліметтер жариялануға жатпайды.

Барлық жаңалықтар