00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Тараз қаласында судья ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

18.08.2023 | 05:30
54
Фото: ашық дереккөз

Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Elorda.info

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша  Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жүргізген жасырын іс-шаралардың нәтижесінде  Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны туралы әшкереленді. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді,-делінген агентік таратқан хабарламада.

 Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Барлық жаңалықтар