00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Түрмеде отырып, қонақүй сатып алды»: Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жауап берді

06.06.2023 | 22:30
40
фото: vlast.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы терім тордың ар жағында отырып, қонақүй сатып алды делінген ақпаратқа жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Жекелеген азаматтар БАҚ және әлеуметтік желілерде «Double Tree by Hilton Almaty» қонақүйін адамдар тобының, соның ішінде Қ.Сатыбалдыұлының иемдену әрекеттері туралы ақпарат таратып жатыр.

Барлығына белгілі, сотталған Қ. Сатыбалдыұлы қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр. Бұл ретте оған қатысты салықтарды төлемеуге және қылмыстық кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстардың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда. Тергеу барысында заңсыз шығарылған активтерді, сондай-ақ қылмыстық қаражатқа сатып алынған мүлікті қайтару бойынша шаралар қабылданады.

Осыған байланысты Сатыбалдыұлына залалды өтеу мақсатында бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жер учаскелері, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс автомашиналар мен ақшалай қаражат мемлекетке беріледі. Олардың қатарына 2021 жылдың қараша айында Сатыбалдыұлымен байланысты кәсіпорын сатып алған «Double Tree by Hilton Almaty» қонақүйі кіреді. Қазіргі уақытта осы объектіні мемлекет меншігіне қайтару аяқталуда. Азаматтарды жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз, - деп жазылған мәліметте.

 

Барлық жаңалықтар