00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Түркиядағы трагедия: Тағы бір қазақстандық турист көз жұмды

03.08.2023 | 08:30
46

Түркияда жол апатына ұшыраған тағы бір қазақстандық турист қайтыс болды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Түркияда қазақстандықтар мінген автобус жол апатына түскен болатын. Жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірі көз жұмған болатын.

Барлық жаңалықтар