00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Түркістан облысында жасөспірім мазараттарды «бояп» шыққан

03.08.2023 | 07:00
33
Фото: видеодан скрин

 Түркістан облысының тұрғыны өз бейнежазбасында мазараттағы адамдар бейнесі бейнеленген көктасты белгісіз біреу сызып, бояп тастағанын жеткізген, деп хабарлады Elorda.info. POLISIA.KZ  сілтеме жасап.

Теріс қылықты жасаған 11 жасар кентаулық жасөспірім екені анықталды. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды. 

Белгілі болғандай, жасөспірімнің үйі мазарат маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала, мазараттан көк түсті бояу тауып алып, бірқатар жерленген адамдардың көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады, - делінген полиция таратқан ақпаратта. 

Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Барлық жаңалықтар