00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

17.07.2023 | 12:45
41
Фото: видеодан скрин

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 9:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тасжолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген, - делінген Polisia.kz Telegram каналында. 

Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты. 

Алдын ала мәліметтер бойынша Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД басшылығы барды. 

Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Барлық жаңалықтар