00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Түркістан облысында 65 келі есірткі тасыған ағайынды жігіттер ұсталды

20.02.2024 | 08:31
70
Фото: видеодан скрин

Полиция жедел іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент – Жетісай тасжолында Toyota автокөлігін тоқтатты. Көліктегі екі жігіттің Жамбыл облысының ағайынды тұрғындары екені анықталды.

Автокөліктің жүксалғышын тексеру кезінде жедел уәкілдер жалпы салмағы 65 келіден астам марихуана есірткісі салынған 4 қап тауып алды. 

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп басталды.  Күдіктілер қамауға алынды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Аталған жайт «Тосқауыл» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды.

Барлық жаңалықтар