00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Сырдариядағы оқиға: Тағы бір адамның денесі табылды

22.08.2023 | 07:30
61
фото: instagram.com/turkistan_tjd

Түркістан облысы Отырар ауданындағы Сырдария өзеніне суға батқан тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлады Elorda.info.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар 12:25 минутта 25 жастағы адамның денесін судан алып шыққан. Әзірге суға батып кеткен 11 адамның 9 –ның денесі табылды. Қазіргі кезде 2 кәмелетке толмаған жасөспірім іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, 21 тамыз күні Сырдария өзенінде 11 адам шомылуға арналмаған жерде суға батып кетті. Олар бір әулеттің мүшелері. 

Барлық жаңалықтар