00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Шымкенттік шенеуніктер орындалмаған жұмысқа 36 млн теңге заңсыз төлеген

27.10.2023 | 08:30
45

Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық прокуратурасы мердігерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу фактісін анықтады, деп хабарлады, Elorda.info  

Бас прокуратура сайтының жазуынша 2022 жылы 11 наурызда Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты мен ЖШС арасында «Жерлеу орындарын күтіп ұстау» бойынша келісімшарт жасалған.

Сонымен бірге 2021-2023 жылдары әкімдік аппараты мен аталған серіктестіктің арасында жалпы соммасы 37,9 млн теңгені құрайтын 18 мемлекеттік сатып алу шарттары түзілген.

Тексеру барысында прокурорлар қарау және орындалған жұмыстардың актілеріне салыстыру жүргізіп, тапсырыс беруші іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға және жеткізілмеген тауарларға ақы төлеп, оларды қабылдағанын анықтаған. 

Аудиторлық тексеру қорытындысына сәйкес орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауар сомасы 36,1 млн теңге, - деп жазды дереккөз.

Осыған орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, оның өндірісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданды.

Барлық жаңалықтар