00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Шымкенттік шенеунік 700 млн теңге қаражатты жымқырды деген күдікпен қамалды

21.09.2023 | 03:00
34
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Аталған істі Қаржы мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті тергеуде.

Күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан. Ол 700 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде,- делінген ведомство таратқан мәліметте. 

Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Барлық жаңалықтар