00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

14.11.2023 | 07:00
47
Фото: видеодан скрин

Ұсталғандар екі кәсіпкерге күш қолданып, олардың көлігін заңсыз иемденіп алған, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын ұстады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын-соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоққы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрілерімен, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Полицияға 10 адам жеткізілді, оның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар