00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Шымкентте Көші-қон полициясы қызметкері жалған тіркеу жасаған

05.01.2024 | 16:00
49
фото: дереккөзден

Шымкент қалалық Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу фактісі анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын прокурорлар анықтаған. 

Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабының 2-1-бөлігінің негізінде тіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды. Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол «полиция майоры» шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды,- деп жазды дереккөз. 

 Сонымен қатар тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді.                

Барлық жаңалықтар