00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Шымкентте ер адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

27.10.2023 | 12:00
39
Фото: дереккөз

Шымкентте 26 қазанда полиция бөлімшесіне Тәуке хан көшесі бойында ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлады Elorda.info.

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы қайтыс болған азаматтың жеке басын анықтады. Ол 1969 ж.т. жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру кезінде екі ер адамның арасында туындаған жанжал барысында жәбірленуші басынан алған соққыдан көз жұмғаны анықталды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" СДТБТ-ға тіркелді, - делінген Polisia.kz Telegram каналында.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар