00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Шымкентте BMW автокөлігінің жүргізушісі оқушыны қағып кетті

09.10.2023 | 13:00
72
Фото: дереккөз

Шымкентте мектеп оқушысын қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

7 қазан кешкі сағат 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінің бойында BMW-530 автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып, кеткен.  Салдарынан 9 жасар бала оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада. 

Істің мән-жайын анықтауға Шымкент қаласы ПД-ның анықтаушылары мен криминалистері барды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды. 

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы) бойынша тіркеді.

Анықтаушылар қажетті сараптамаларды тағайындады. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады. 

Барлық жаңалықтар