00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Шымкентте 28 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

23.11.2023 | 10:30
42
Фото: дереккөз

Шымкентте «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полицейлер Lexus 470 автокөлігін тоқтатты, деп хабарлады Elorda.info.

«Қорғау» қосымшасы аталған жүргізушінің 28 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені туралы мәлім етті. Тәртіп сақшылары тиісті шара қолдану үшін сот орындашыларын шақырды. 

Ер адам екінші дәрежелі банктердің біріне 27 млн 500 мың теңге қарыз екені және 500 мың теңге өтелмеген салығы бар екені анықталды

Борышкерге төленетін төлемдер туралы ескертіліп, көлік айыптұраққа қамалды. 

Айта кетейік, қала тұрғыны қарызын толық қайтарғаннан кейін ғана темір тұлпарын ала алады.

Барлық жаңалықтар