00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Семейде жылу қазандықтарын жөндеуге бөлінген ақша ысырап болған

24.11.2023 | 05:30
52
Фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігі Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Семей қаласындағы 3 қазандық бойынша 67 млн теңге шығынды анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Бюджет қаражаты 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеуге бөлінген.

Алайда, 1934 жылы пайдалануға берілген жылу орталығы тозып, әлі күнге дейін қыста жылу энергиясын қалаға дұрыс жеткізе алмай отыр. 

Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы барысында жылу берудегі ауытқу орта есеппен тәулігіне 3 рет тіркеледі.

Жалпы, қалада 1 ЖЭО, сондай-ақ 17 қазандық және 72 жылу пункті жұмыс істейді.

Жылу берудегі дәл осындай проблемалар Аягөз және Курчатов қалаларында да тіркеліп отыр.

Мұнда жылу желілерінің тозуы  сәйкесінше 53% және 35%.

Құрылған арнайы комиссия құрамына энергетика және ТКШ басқармасы, ІМАД, ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің департаменті, тұрғын үй инспекциясының мамандары кірді.

Заңсыз иемдену немесе жымқыру, яғни басқа біреудің мүлкін ұрлады деген күдікпен мердігер компанияның директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Қылмыстық іс шеңберінде жылумен жабдықтаудың 14 объектісін тексеру басталды.

Оларға аталған компания 1,2 млрд теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Сотқа дейінгі тергеу тіркеліп, тергеу жүргізілген соң мердігер Шульбинск кентінде құны 32 млн теңге болатын қазандықтың экономайзерін ауыстырып, іске қосты.

Былтыр ол пайдаланылған құрылғыны жаңа құрылғы ретінде орнатқан болатын, - делінген агенттік ақапаратында.

Нәтижесінде 1,3 мыңнан астам жылумен қамтылуға тиіс абоненттің құқығы қорғалды.

Қабылданған шара нәтижесінде жылу жүйесіне 8 бюджеттік ұйым, 4 әлеуметтік нысан, 24 коммуналдық кәсіпорын қосылды.

Осылайша, қала маңындағы тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету объектілері, жылумен қамтамасыз етуге байланысты қауіпті жағдайдың алды алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Барлық жаңалықтар