00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Сарыағаштағы 5 жастағы қыздың өлімі: Тағы бір кінәлі тарапқа қатысты тергеу басталды

15.07.2023 | 11:00
52
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланы азаптап өлтіру оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады, Elorda.info  Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап. 

13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлықпен өлтіру белгілері бар жас қыздың мәйіті табылды. Сол күні полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотты болған аудан тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген ведомство ақпаратында.

 Құзырлы орынның берген мәлметіншше күдікті  2006 жылы адам өлтірді деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ал биыл мамырда ішімдік ішіп, жанжал кезінде ауылдасын балтамен ұрғаны үшін 3 жылға бас бостандығы шектелген. Заңға сәйкес ол осы уақыт аралығында жергілікті пробация қызметінің қатал бақылауында болуы керек болған.  

Бас прокуратура аталған үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы кассациялық наразылық түсірді. Пробациялық бақылауда болған Г. аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, пробация қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген Бас прокуратура сайтындағы мәлімдемеде.   

 Осы оқиғаға қатысты Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен болған оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, жеке адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленуде,-деп жазылған ведомство таратқан ақпаратта. 

Ал, кеше кісі қолынан көз жұмған 5 жасар бүлдіршіннің денесін жақындары мен ауылдастары жер қойнына тапсырды.

Барлық жаңалықтар