00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатыр

19.09.2023 | 15:00
53
фото: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабрлады, Elorda.info.

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми Telegram арнасында жазылды. 

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, - делінген ведомство таратқан мәліметте. 

Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. Сонымен қатар, қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.

Тергеу қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданатын болады.

Барлық жаңалықтар