00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Риддер жылу орталығының иелерінен 5,5 млрд теңге қарыз өндірілді

27.10.2023 | 15:00
52
Фото: ашық дереккөз

Риддер қаласындағы жылу электр орталығының бұрынғы меншік иелері қызметкерлерімен мемлекет алдындағы салық міндеттемелері бойынша 5,5 млрд теңгеден астам борышын төледі, деп хабарлады Elorda.info

Қарызды өтеу шарасы Қаржы мониторинг агенттігі  Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу барысында жүзеге асты. 

Осылайша, жылу энергиясын өндіру станциясы қарызсыз мемлекет меншігіне өтеусіз негізде қайтарылды.

Естеріңізге сала кетейік, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары жөндеу жұмыстарына арналған қаражатты ұрлаған, нәтижесінде қала тұрғындары жылу энергиясын беру кезінде станция бірнеше рет істен шыққан. Жылу электр орталығының бұрынғы басшыларына қатысты мемлекетке аса ірі мөлшерде, 4,1 млрд теңге сомасында залал келтірді деген күдікпен, алаяқтық дәйегі бойынша тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады агенттік баспасөз қызметі.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Барлық жаңалықтар