00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Прокурордың баласы емес»: Бас прокуратура әлеуметтік желідегі видеоға қатысты түсінік берді

10.08.2023 | 10:30
37
Фото: Krisp.tdk

Әлеуметтік желілерде "прокурордың ұлы" достарымен бірге Шымкент қаласындағы гүл дүкеніне шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. ҚР Бас прокуратурасы бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылғы 9 тамызда Шымкент қаласының прокуратурасы бұл адамның прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде хабарлады. 

2023 жылдың 8 тамызында әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-тарда «Pomantic» гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолдану қаупін жасаған адам прокуратура қызметкерінің ұлы деген ақпараттар жариялаған. Аталған адам прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес екенін хабарлаймыз, - деп жазылған Шымкент қаласының прокуратурасының ресми сайтында

Айта кетейік, бұл шектен шығушылық туралы Шымкент қаласындағы @romantic.shymkent гүл дүкенінің иесі Алина өзінің әлеуметтік парақшаларында жариялаған болатын. Оның айтуынша, бұл жағдай бір емес, бірнеше рет қайталанған. Кез келген уақытта дүкенге кіріп келіп қоқан-лоққы көрсетушілерге кім тосқауыл қояр екен деп налыды. 

Бұл бірінші жағдай емес, флористті ұрып - соғып, гүлді ұрлап әкетті. Арыз жазсақ, тәртіп сақшылары қылмыскерді құрықтамайды. Ешқандай жаза қолданбастан, тайраңдатып жүргізіп қояды. Өйткені, қылмыскер - прокурордың ұлы. Дүкен қызметкерлеріне келіп жиі күш көрсететіні де бар, - деп мәлімдеді дүкен директоры әлеуметтік желіде.

Барлық жаңалықтар