00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Полиция зейнеткерге немересін табуға көмектесті

21.06.2023 | 19:00
52
Фото: Ақтөбе облысының Полиция департаменті

Полицияның «102» пультіне 64 жастағы алматылық азамат хабарласып, жолда 15 жасар немересін жоғалтқанын айтты. Зейнеткердің айтуынша, ол көлігімен Сочи қаласынан жұбайы және немересімен бірге Алматыға келе жатқан, деп хабарлады  Еlorda.info  Ақтөбе облысының Полиция департаментінің ресми парақшасына сілтеме жасап. 
Жолда Ырғыз ауданының аумағындағы кемпингтердің біріне тоқтап, жұбайы екеуі 15 минутқа көліктен шыққан. Осы уақытта көліктің артқы орындығында ұйықтап келе жатқан кәмелетке толмаған немересі көліктен түсіп кеткен. Мұны байқамаған зейнеткерлер сапарын жалғастыра берген. Қызылорда облысының шекарасына келгенде ғана олар немересінің жоқтығын байқап, полицияға хабарласқан.
Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған қыз баланы тауып, ата-әжесіне тапсырды.
Қыз бала көліктен түскенде ата-әжесінің кетіп қалғанын байқағаннан кейін, жолда жүк көлігін тоқтатып мініп, олардың қуып жетуге тырысқан.

Барлық жаңалықтар