00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Полицейлер қоғамдық көліктерден 300 мас жолаушыны анықтады

16.01.2024 | 14:00
47
Фото: polisia.kz

Республикалық «Тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шарада жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балағат сөздер, қоқыс, мас күйінде жол жүру және темекі шегу сынды қоғамдық көліктердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударылды. Операцияның бес күнінде полицейлер 1,2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру бойынша – 2, алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу бойынша – 325, белгіленбеген орындарда темекі шегу бойынша– 90, оның ішінде автобус жүргізушілері бойынша– 27, ұсақ бұзақылық бойынша– 51, қоғамдық орындарды ластау бойынша – 359, автобустарда және аялдамаларда тиісу бойынша 431 факті белгілі болды.

Мысалы, Щучинск және Тараз қалаларында адамдардың ескертулерін елемеген мас жолаушылар ұсталды. Ер адамдар екі жағдайда да маршруттық автобустарда шу шығарған. Олардың әрқайсысына қатысты қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ Павлодар облысында тәртіп сақшылары автобус терезесінен қоқыс тастаған жолаушыны жауапқа тартты. Құқық бұзушыға қатысты жалпы пайдаланымдағы орындарды ластағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Полиция қызметкерлері рейд барысында қоғамдық көліктің жұмысына мыңға жуық жасырын тексеру жүргізді, соның нәтижесінде 337 бұзушылық анықталды. Операция барысында ішкі істер органдарының 4,6 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен жұртшылық қатысты, - деп жазылған хабарламада. 

Барлық жаңалықтар