00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Павлодар облысында үй өртеніп 8 жасар бала қайтыс болды

10.01.2024 | 09:00
43
Фото: ашық дереккөз

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде 5 бөлмелі  үйде шатырдың ағаштары мен үй заттары мен жиһаз жанып жатқан, деп хабарлады Elorda.info 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,  Баянауыл ауданы, Сәтбаев ауылында үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама10 қаңтар күні сағат 02: 58-де келіп түскен.

Алдын ала болжам бойынша өрттің көлемі 180 шаршы метр.

Өрт сөндіру мамандары келгенге дейін учаскелік полиция қызметкері мен көршісі үйден 2013 жылы туған бала мен үй иесінің ағасын алып шыққан.   

Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жанып жатқан үйден 2015 жылғы баланы да алып шықты Өкінішке орай бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Өрт 06 сағат 25 минутта жойылды. Өрттің себебі анықталуда, анықтаушы мен зерттеу сынақ өрт зертханасы сол жерде жұмыс істеуде,- деп мәлімдеді дереккөз.

Барлық жаңалықтар