00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте көз жұмды

17.08.2023 | 06:00
46
Фото: видеодан скрин

Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлады Elorda.info.

17 тамыз сағат 00:05 шамасында Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші ВАЗ 21099 автокөлігін тізгіндей отырып, Алтынсарин көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруымен қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігіне жол бермеген. 

Нәтижесінде Toyota 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан, - делінген Polisia.kz telegram хабарламасында.

Жол апатынан Toyota-ның жүргізушісі мен ауруханаға жеткізілген жолаушы зардап шекті. Сондай-ақ көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына байланысты қайтыс болды. 

Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Барлық жаңалықтар