00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

25.08.2023 | 05:00
53
Фото: дереккөз

Қостанай облысындағы тасжолда шағын автобус мен бульдозер соқтығысқан, деп хабарлады Elorda.info.

24 тамызда Қарабұтақ – Қостанай тасжолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан, - делінген Polisia.kz telegram каналында.

Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемегені анықталды.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар