00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қосшы қаласында көпқабатты үйден өрт шықты

16.07.2023 | 14:15
30
фтото: POLISIA.KZ

Кеше кешкісін Қосшы қаласының полиция бөліміне "Нұрай" ТК көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болғандығы туралы телефон арқылы хабарлама түскен, деп хабарлады Elorda.info POLISIA.KZ телеграмм каналына сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің жазуынша, аз уақыттың ішінде жалын тұрғын үйдің 4 қабатын шарпыды және көрші ғимараттарға таралуы мүмкін еді. Куәгерлер жанып жатқан пәтерде адамдар қалып қойғанын айтқан. Артынан белгілі болғандай олардың үшеуі кәмелетке толмаған балалар. Іште қалып қойғандарға  баспалдақпен түсуге мүмкіндігі болмады, себебі ол жер толығымен отқа оранған.  

Сол жерде үшінші қабатқа арқанның көмегімен өрт тұзағына түскен адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың жедел әрекеттерінің арқасында өрттен 3, 10, 11 жастағы кәмелетке толмаған балалар мен дар, 18 жастағы қыз, 29 жастағы әйел және 50 жастағы ер адам сыртқа шығарылды. Оқиға орнында ТЖБ жеке құрамы да болды-деп жазылған хабарламада.  

Өрттің салдарынан жәбір көргендер  Астана қ. қалалық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді. Қазіргі кезде 3 подъезд тұрғындары толық эвакуацияланды, Жергілікті әкімдіктің көмегімен 10 тұрғын уақытша қонақ үйге орналастырылды. Тілсіз жаудың себептері анықталуда. 

Барлық жаңалықтар