00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

28.01.2024 | 06:00
62
фото: дереккөзден

Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты болды, деп хабарлады Elorda.info

 Апат салдарынан үш адам қаза тапты. 

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E көлігіндегі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған,-деп жазды Polisia.kz.

Аталған дәйек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Барлық жаңалықтар