00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ұландықтар жоғалған балаларды тапты

06.08.2023 | 03:00
46
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұландықтар адасқан бүлдіршіндерді аналарымен табыстырды, деп хабарлады Elorda.info. 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәліметінше, қатардағы жауынгерлер Ергентай Сағынтай, Құдайберген Беріханов және Диас Елдосұлы 4 тамыз,  сағат 20:45 шамасында  бас қаланың "Алматы"  ауданына қарасты Абылайхан көшесі бойында жылап тұрған қызды байқады.

Әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Сағынтай Есентай бұл туралы патрульдік топтың аға  бастығына дереу баяндады. 

 Рамина осы айда 5 жасқа толады. Мен ойын алаңында одан  көз жазып қалдым. Жақында ғана біздің аулада ер адамның жас баланы қорлағаны туралы оқиға болған еді. Ойыма әртүрлі ойлар келіп, өзімді қоярға жер таппай тұрған едім, ұландық әскери қызметшілердің қырағы қызметтерінің нәтижесінде қызыммен аман-есен табыстым, - дейді Жадыраның анасы.

Сол кеште сағат 21:30 шамасында елордалық жедел бригаданың әскери қызметшілері қатардағы жауынгерлер Мейрамбек Оразалы, Ерқанат Аманов және Аңсат Тілеубай Абылайханға азамат Д. 4 жасар қызы Мединаны табуға көмек сұрап жүгінді.

Біраз уақыттан кейін сарбаздар көрші аулада ата-анасының қарауынсыз жүрген кішкентай қыздарды байқады, арасындағы бір бүлдіршіннің кескін-келбеті баласын жоғалтқан ата-анасының сипаттауына сәйкес келді. Сөйтіп, Мединаның 7 жасар көршісімен бірге кеткені белгілі болды.

Екі қыздың  аналары елордалық ұландықтарға қырағы қызмет атқарғаны және азаматтарға жанашырлық танытқандары үшін алғыс айтты.

Барлық жаңалықтар