00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Костенко шахтасындағы апат: Соңғы кеншінің дене бөлшектері табылды

31.10.2023 | 05:00
45
фото: astanatv.kz

Бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі 31 қазанда табылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

45 кеншінің мәйіті мен 46-адамның дене бөлшектері табылды, – деді ол. 

Қазіргі уақытта марқұм болған 40 кеншінің аты-жөні анықталған. 6 адамды тану мүмкін болмай жатыр.   

Айта кетейік, 28 қазанда Костенко шахтасында метан газы жарылған. Ресми дерек көздері апат кезінде жер астында 252 шахтер болғанын айтты. Олардың  206-сы өз бетімен жер үстіне шыққан. Қалғандары сыртқа шыға алмай қалған. 

Барлық жаңалықтар