00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Кәмелетке толмаған бозбала айдаған: Жетісу облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

13.08.2023 | 05:00
44
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарыөзек – Жаркент тасжолының 323-шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктері соқтығысты.

Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған бозбала айдағаны анықталды.

Оқиға орнында екі адам қайтыс болды, сондай-ақ жергілікті ауруханаға бесеуі жеткізілді.

Полиция көлік жүргізушілеріне жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Барлық жаңалықтар