00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалық тұрғыннан 2,6 келі есірткі табылды

12.03.2024 | 08:14
69

Полицейлер күдікті ретінде 32 жастағы ер адамды ұстады. Оның көлігін тінту кезінде иісі бар зат салынған полиэтилен пакеті табылды. Тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында ерекше иісі бар ақшыл түсті зат және электронды таразы бар 76 полиэтилен пакеті табылды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, елорда тұрғынынан тәркіленген заттар мефедрон, каннабис шайыры, марихуана есірткі заттары екені расталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2,6 келіні құрады. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Барлық жаңалықтар