00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық полицей суға батқан баланы құтқарды

07.08.2023 | 03:00
42
Фото: видеодан скрин

Оқиға елордалық қоғамдық бассейндердің бірінде болды. Бала өмірін құтқару сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан суда ес-түссіз жатқан баланы құтқарушы қыздың шығарып жатқанын байқауға болады. Кейін оны ер адам жерге көтеріп жатқызады. Сол сәтте көмекке демалушы әйелдердің бірі келеді. Ол жүрек-өкпе реанимациясын жасап, баланың тынысын қайтарды. 

Жедел жәрдем қызметі келгеннен кейін бассейн қызметкерлері баланы дәрігерлерге тапсырды. 

Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ата-анасы баланы құтқаруға қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді. 

Белгілі болғандай, алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйелдің есімі Назым Шәріпова. Ол Есіл ауданының полиция басқармасында анықтаушы болып жұмыс істейді. Сол күні полицей әйел отбасымен бірге демалыста болған. 

Ол құтқару кезінде балаға зақым келтірмеу үшін ерекше сақтықпен қимылдаған. Назым Шәріпова қазақстандық полицейлердің жақсы дайындығын және төтенше жағдайларда жылдам әрекет ету қабілетін көрсетті, - делінген ақпарат көзіндегі мәліметте.

Барлық жаңалықтар