00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордадағы дүкендердің бірінде сатушы бірнеше телефон ұрлаған

17.10.2023 | 11:30
40
Фото: ашық дереккөз

Астаналық полицейлер жалпы құны 2 миллион теңгеден асатын ірі электроника ұрлығына қатысты деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлады Elorda.info

Тергеу барысында жас жігіттің электронды құрылғылар сататын дүкенде жұмыс істегені белгілі болды. Ол бірнеше күн ішінде дүкеннен 7 дана телефон жымқырып, белгісіз біреулерге сатып жіберген. Оның витринадан екі телефон алып жатқан сәті бейнежазбаға түсіп қалғаннан кейін күдікке ілініп, құрықталды, - делінген polisia.kz сайтының ақпаратында. 

Қазіргі уақытта жас жігіт кінәсін мойындап, заттай айғақтар жартылай тәркіленді. Осы жылы бұл жігіттің дәл осындай қылмысы үшін жауапқа тартылғаны да белгілі болды. 

Оның елордада бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар