00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада қонақүйден құнды затты ұрлаған азамат анықталды

24.01.2024 | 08:00
45
Фото: ашық дереккөз

Жәбірленуші полицияға хабарласып, белгісіз адам алтын тізбекті бұйымын ұрлап кеткенін хабарлап, жүгінген. Жәбірленуші бір күн бұрын ер адаммен кездескені белгілі болды. 

Олар қонақүйде ішімдік ішіп, еркін отыру үшін бөлме жалдаған. Біраз көңілді отырыстан кейін әйел ұйықтағанда, ер адам оның шамамен 250 мың теңге тұратын зергерлік бұйымдарын үптеп үлгерген. 

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті мойындау айғақтарын берді, оның Астана аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар