00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада дәмханалардың бірінен өрт шықты (ВИДЕО)

07.06.2023 | 16:03
39
Фото: видеодан скриншот

Астанада дәмханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Оқиға 7 маусым күні түскі сағат 12:55 шамасында Қажымұқан көшесінде болған. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт сөндірушілер келгеннен кейін «Ренессанс» кешенінің 60 шаршы метр аумағындағы дәмхананың жазғы алаңы өртенген.

ТЖД қызметкерлері газ баллонының жарылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Қазір өрт сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Барлық жаңалықтар